Әлеуметтік педагогтың мәтіндік есебі » Сұңқар орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұңқар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77714402022
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Әлеуметтік педагогтың мәтіндік есебі

«Сұңқар орта   мектебі » коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі











«Сұңқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2021

оқу жылына әлеуметтік педагог                     А.Беласарованың  мәтіндік есебі 



















Сұңқар 2021 ж



«Сұңқар орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің         

           әлеуметтік   педагогтың 2020-2021 оқу жылында 

                     атқарған жұмысының мәтіндік есебі


 Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау , жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау

Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары.

 Оқушылардың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсақ:

2020-2021 оқу жылын 306 оқушымен бастады. 



Жалпы оқушы саны 

306

Көп балалы жанұядан шыққан оқушылар саны

112

Аз қамтылған жанұядағы бала саны

24

Мүгедек балалар саны

5

Жартылай жетім

16

Сәтсіз отбасы

0

Ата-анасы мүгедек оқушылар

16

Өгей анасымен тұратын қыз балалар саны

0

Өгей әкесімен тұратын қыз балалар саны

2

Өгей әкесімен  тұратын ұл балалар саны

3

Толық емес отбасы  балалары

10

Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған

0

Қараусыз панасыз қалған оқушы жоқ.
2020-2021 оқу жылында есепте тұрған күнкөрісі төмен отбасы жоқ.  Оқу жылының басында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары  бірінші кезекте оқулықтармен қамтылады. Оқушылардың құжаттары тексеріліп, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды..   Әлеуметтік педоготың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педогогикалық психологиялық материалдық көмек көрсету және кеңестер беру .Әр сынып жетекшілер сыныбындағы аз қамтылған .көп балалы отбасының балаларына демеушілік көрсетті. Мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны талқыланды.

- Әр сыныпқа әлеуметтік диагностикалық куәлік (паспорт) жасалынды.

Жартылай жетім,аз қамтылған ,көп балалы  отбасынан шыққан әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке тізімдері әлеуметтік төлқұжаттары жасалынды.

«Мектепке жол»   жалпы қайырымдылық көмек акциясы бойынша 2020-2021 оқу жылында Ауыл тұрғыны Тоқтасынов Алғадай 12 оқушыға 80 мың теңге көлемінде киім-кешек алып беріп көмек көрсетті.

«Мектепке жол» жалпы қайырымдылық көмек акциясы бойынша мектебіміздің ұстаздары 6 оқушыға  30мың теңге көлемінде мектепке керекті оқу құрал-жабдықтарын алып беріп көмек көрсетті.

«Мектепке жол» жалпы қайырымдылық акциясы бойынша аудан орталығындағы коррекциялық мекемесінен мектебіміздегі аз қамылған отбасынан шыққан бір оқушы Дүйсенбек Диасты 20 мың теңге көлемінде спорттық және қыстық киім- кешекпен (спортивка, етік, куртка) қамтаммассыз етті. 

Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағаланды.. - Ата-аналар жналысында ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы бойынша баяндама оқылды .Жалпы ата-аналар жиналысына қатысып мектеп психолгымен бірлесіп «Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез- құлықтың алдын алу» жөнінде слайд көрсетіп, суицид туралы түсініктер беріліп, ата- аналарға кеңестер жүргізілді.

Мектеп әкімшілігімен бірлесіп  материалдық жағынан қолдауымен мектебімізде оқитын 3оқушы  Давутжан Нұрсұлтан,  Бексұлтан Мирас, Тохтарбек Гулшат және үйде оқитын 2  оқушы Жолдыбай Айтолқын мен Хайрулла Парвизді  жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтармен,жаңа жылдық тәттілер берілді. 

Мектебімізде 2 жарты жылдықта 9аз қамтылған отбасы 24 оқушы, 25көп балалы отбасы 112 оқушы, 8 ата-анасы мүгедек отбасы 16 оқушы, 2 жалғыз басты ана 2оқушы, өгей әкемен тұратын ұл 3оқушы,өгей әкемен тұратын қыз 2 оқушы, өгей анамен тұратын ұл 2 оқушы,11 отбасы жартылай жетім 16 оқушы. 


Ата анамен жұмыстың   одан күтілетін нәтиже 

1.Ата аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру,

2.Ата ана бала құқығын өз құқығын қорғаудағы пайдалануда кәсіби сауатануы

3.Ата ананың мектеппен сыныппен  қарым қатынасының жақсаруы

4.Баланың зиянды әдеттерден аулақ болуына жауапкершілікті жоғарылауы яғни ата ана баласына салауатты өмір салтын үнемі насихаттауы Короновирус пандемиясы кезінде 2020-2021оқу жылының  қашықтықтан оқуға көшуге байланысты Сұңқар орта мектебінің әлеуметтік жағдайға ие оқушылардың қашықтықтан оқуға дайындығы сараланынды. Көпбалалы  ,жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларына ЖББҚ қорынан планшеттер,ноутбуктар,роуторлармен қамтамасыз етілді.

Мектеп әкімшілігі, және мектебіміздің ұстаздары бірігіп 1-маусым балалар күніне орай Мектебімізде оқитын мумкіндігі шектеулі 2 оқушы мен үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі  2 оқушыға сақтық шараларын сақтап/ маскамен перчаткамен /үйлеріне сыйлықтар табысталды.

 « Мың бала»   ұлттық олимпиадасына мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларынан 22 оқушы қатысып, 5 сыныптағы 1 оқушымыз Ленжан Алуа бірінші турдан өтті.

   2020-2021 оқу жылында мектеп оқушыларының   әлеуметтік  жағдайын зерттеу, өз уақытысында тиісті оқушыға әлеуметтік көмек көрсету. Оқушы мүддесі, құқығын қорғау тиісті деңгейде өтті деген ойдамын. 











Әлеуметтік педагог                  А.Беласарова





Мекен жайымыз Сұңқар ауылы "Сұңқар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұйғыр ауданы, Сұңқар ауылы Сатаев №1-а көшесі, үй

©2016-2022, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Сұңқар орта мектебі, мектепке " КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru