Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері » Сұңқар орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұңқар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77714402022
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері

        Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-мединицналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі  ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
        Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды,баланың әлеуметтік  және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Әлеуметтік -педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың  әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды.Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың білім алуы,тәрбиеленуі,ддамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс- шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалармен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындабайланыс орнатады.
         Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Еңбек кодексін, "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Неке және отбасы туралы","Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы","Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы","Аранаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы","Сыюыйлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат  негіздерін,жалпы және әлеуметтік педагогиканы,педагогикалық әлеуметтік,жас ерекшелік және баланың психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік -педагогикалық  және диогностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын, әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы заңнамалар негізін еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Мекен жайымыз Сұңқар ауылы "Сұңқар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұйғыр ауданы, Сұңқар ауылы Сатаев №1-а көшесі, үй

©2016-2022, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Сұңқар орта мектебі, мектепке " КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru