Сұңқар ом әдістемелік жұмысының 2020-2021 оқу жылындағы есебі » Сұңқар орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұңқар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77714402022
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2022

Сұңқар ом әдістемелік жұмысының 2020-2021 оқу жылындағы есебі

SWOT  талдау әдістемелік жұмыс 2020-2021 оқу жылы

Күшті жақтары:

  1. Қашықтық оқыту жағдайында әдістемелік  жұмыстың жаңа формасының пайда болуы
  2. Қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп жұмысының нақты мақсатының бар болуы
  3. Сабақты зерттеу бойынша шығармашылық топтық жұмыстың құрылуы, 4-сынып, 12 мұғалімнің және 4-мектеп тренерерінің бірлесіп жұмыс жасауы
  4. Іс-әрекеттегі зерттеуді  мектептегі «Озат тәжірибе» мектебімен ықпалдастыруы, 11-мұғалімнің зерттеу сұрақ аясында жұмыс жүргізуі
  5. Пән апталықтарының жоспарға сәйкес жүргізілуі, апталықтардың қашықтықтан өтілуіне бейімделуі. Апталық  барысында мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндіктер қарастырылды: қмж-слайд-видеосабақ-синхронды сабақ алгоритмі бойынша құрастырылды. Шамшырақ, Жаратылыстану, Өнер пән апталықтардың жоғары деңгейде өтілуі, медиатека қорының жинақталуы. Филолог, Алгорифм,Бастауыш  пән бірлестіктердің жұмыстарының жақсы өтілуі.
  6. Білім ленд платформасында сабақтардың өтілуі, жүйеге келуі.
  7. Қашықтықтан мұғалімдермен оқушылардың қатысуы: аудандық байқауларда.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Азатова номинация, 5-6 сыныптар арасында өткен олимпиадада 4-оқушы жүлделі орындар алды: 6а сынып оқушысы Қасымхан Гульнур жаратылыстану пәні бойынша 2-орын  мұғалімі география пәнінің мұғалімі Р.Сарсенбаева,5а сынып оқушысы Абибай Ақжан математика пәні бойынша 3-орын, мұғалімі Х.Пазилова, 6б сынып оқушысы Машур Ярлин математика пәнінен 1-орын, мұғалімі С.Тугелбаева, Тейпахунов Тахиржан Қазақстан тарихы пәні бойынша 3-орын, мұғалімі Ш.Кадирова. Ғылыми жобалар байқауына 3-оқушы жүлделі орын алды: 8а сынып оқушысы Касымхан Айдария қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын, мұғалімі Г.Усербаева, 8б сынып оқушысы Абдримов Симран 3-орын, мұғалімі Алғожаева Ж., 10б сынып оқушысы Абдримов Самрат 1-орын мұғалімі З.Ивадатова. халықаралық олимпиадаға 2-оқушы қатысып 3-орынға ие болды: Нусежан Тоғжан химия пәні бойынша 3-орын,мұғалімі Р.Ибадятова, 10б сынып оқушысы Ермакова Дияра математика пәні бойынша 3-орын мұғалімі Ф.Розиева. «Абай әлемі» атты шығармашылық аудандық байқауында эсселер бойынша жүлделі 1-орын, мұғалімі Г.Усербаева, 9а сынып оқушысы Адыл Айдана «Абай әлемі» шығармашылық байқауының екінші бағыты бойынша жүлделі 3-орын иеленді. 2020 жылдың 30 қараш күні «Өрлеу» ұйымдастыруымен «Зерттеуші»  тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауында белсене қатысқаны үшін 3б сынып оқушысы Тұрдахунова Айниса, 10а сынып оқушысы Жекен Анель, 9ә сынып оқушысы ҚайратАяла, 5а сынып оқушысы Беркіжанұлы Бекжан, 9ә сынып оқушысы Айбол Жанна, 4а сынып оқушысы Мұратқызы Жансел, 7а сынып оқушысы Хамит Мерей, 8а сынып оқушысы Кусаинова Аружан  дипломмен марапатталды. 2020 жылдың 25 қыркүйек күні институтының ғылыми эксперимент жоспары бойынша «Рухани жаңғыру – заманауи білім беру үрдісінің сындарлы бағыты» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік  конференцияға қатысып, өз  іс-тәжірибесін жоғары деңгейде қорғағаны үшін музыка пәнінің мұғалімі Ж.Салимова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Әбдікерім, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ю.Юсупова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Жумаханова, информатика пәнінің мұғалімі Б.Атейбекова, математика пәнінің мұғалімі А.Төлеген, бастауыш сынып мұғалімі А.Сайдуллаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р.Мухпулова. Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас ғалымдары мен педагогтар арасында өткен «Педагог мәртебесін көтеру және педагогикалық білімді жаңғырту» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференциядағы ең үздік ғылыми мақала байқауының жеңімпазы Мухпулова Рану  2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ы.Алтынсариннің 150 жылдығына арналған педагогикалық оқуға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Алғожаева облыстық кезеңнен 1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Мың бала олимипиадасының екінші кезеңіне 5а сынып оқушысы Ленжан Алуа өтіп, тестілеуге қатысты.

  1. Сұңқар орта мектебі жетекші мектеп болып тағайындалып, серіктес Үлкен Дихан және М.Таипов ат. орта мектептермен жұмыстың бір жүйеге келеуі. Облыстық вебинарда жетекші мектептердің іс-тәжірибесін көрсетуі, республикалық жетекші мектептердің форумындда «Постерлер байқауына» 50-мектептің ішінде «Даму» серіктес мектептердің постерінің жариялануы.     Фейсбук, Ютуб каналының құрылуы, телеграмм чаттың жұмыс жасауы.
  2. Магниттік мектептер жобасында Сұңқар орта мектебінді мвынадай тәжірибемен бөлісті:
  3. «Lesson Study- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл» мектеп директоры Б.Ә.Алғазиев
  4. «БЖБ және ТЖБ талдау үлгісін жасау жолдары, талдаудан кейінгі түзету жұмыстарды жүргізу бағыттары»  ДОІЖО Р.Сарсенбаева
  5. «Қашықтықтан оқыту жағдайында пән апталықтарын ұйымдастыру жолдары» «Шамшырақ» пән бірлестігінің жетекшісі Ж.Алғожаева
  6. «Зерттеу сабағы – оқушыларды оқыту әдістемесін жетілдіру, бірге әзірлеу арқылы табысқа бірге жетудің жолы» сабақты зерттеу тәжірибесінен ДОІЖО Р.Сарсенбаева
  7. «Қашықтықтан оқыту жағдайында іс-әрекеттегі зерттеу – мұғалімнің тәжірибесін жақсарту жолы» мектепішілік әдістемелік жоба жұмысы тәжірибесінен ДОІЖО Р.Сарсенбаева
  8. «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға психологиялық көмек ұйымдастыру жолдары» педагог-психолог Ю.Юсупова
  9. «Оқушылармен психологиялық жаттығуларды жүргізу» педагог-психолог Ю.Юсупова
  10. «Қашықтықтан оқыту кезіндегі психологиялық кеңестері» Б.Толаева. З.Ивадатова
  11. «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үрдісінде саралап оқытуыдң әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары» қазақ тілі мен әдібиеті пәнінің мұғалімі Г.Усербаева
  12. «қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабағындағы тиімді кері байланыс» математика пәнінің мұғалімдері Х.Пазилова, Ф.Розиева
  13. «Қашықтықтан оқыту жағдайында химия және биология пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту ерекшеліктері» биология пәнінің мұғалімі М.Алдибекова, химия пәнінің мұғалімі Р.Ибадятова

Әлсіз жақтары:

1.Облыстық байқауларға 6-оқушы жолдама алды, бірақ жүлделі орын алмады

2.Мектептің әдістемелік жұмысында қамтылмаған мұғалімдердің бары: Бастауыш пән бірлестігі  4-мұғалім, Шамшырақ пән бірлестігі 2-мұғалім, Жаратылыстану пән бірлестігі 1-мұғалім, Алгорифм пән бірлестігі 1-мұғалім, Филолог пән бірлестігі 2-мұғалім, Өнер пән бірлестігі  5-мұғалім. Мектеп бойынша 15 мұғалім әдістемелік жұмысының шығармашылық бірлестіктерінде жұмыс жасамайды.

3.Мектепішілік «Шаңырақ» оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысының жоқтығы

4.Билингвальді оқыту бойынша жұмыстың жоқтығы

5.Функционалдық сауаттылық бойынша жұмыстың жоқтығы

Мүмкіндіктері 

1.Облыстық сабақты зерттеу бойынша жоба

2.Облыстық білім сапасын көтеру бойынша жоба

3.Облыстық «Өрлеу» жобасы

4.Оқушылардың және мұғалімдердің түрлі облыстық бақйауларға шығуы

5.Онлайн режимде облыстық, республикалық семинарларға қатысуға мүмкіндіктер

Қауіптер:

  1.  Синхронды сабақтарды өтуге ғаламтор желісінің төмендігі
  2. Вацаппен сабақ өтуі, ол өз кезегінде білім сапасына кері әсер етеді
  3. Мектепішілік бақылаудың төмен деңгейде болуы
  4. Синхронды сабақ, консультациялардың жоқтығы, сол себепті оқушылардың білім деңгейінің төмен болуы, аудандық, облыстық байқауларда оқушылардың нәтиже көрсетпеуі
  5. Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарында кейбір қамтылмаған бөлімдерінің жоқтығы: халықаралық зерттеулерге байланысты жұмыстың жоғы
  6. Пән бірлестік жұмысының жоспарының дұрыс құрылмауы



ДОІЖО            Р.Сарсенбаева

Мекен жайымыз Сұңқар ауылы "Сұңқар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұйғыр ауданы, Сұңқар ауылы Сатаев №1-а көшесі, үй

©2016-2022, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Сұңқар орта мектебі, мектепке " КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru